Сайт: www.zhumbak.kz
Құрылтайшы: Атырау қаласының әкімдігі
Мемлекеттік басқару органы: қалалық білім бөлімі
Мектепке дейінгі мекеме басшысы: Айтжанова Қамка Бекенқызы
Білімі: жоғары, педагогикалық
Еңбек өтілі: 29 жыл
1.1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру мекемесінің басты сипаттамасы
№30 «Жұмбақ» бөбекжай-бақшасы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады және балалардың зияткерлік-эстетикалық дамуына тиімді қол жеткізуді көздейді; баланың дене, психикалық саулығына және эмоционалды жай-күйіне қажетті жағдай құра отырып, балалардың күтімі мен саулығын қамтамасыз етеді; баланың қоршаған әлеуметтік ортада оңтайлы бейімделуіне және өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік беретін педагогикалық үрдісті ұйымдстырады; баланың толыққанды дамуы үшін отбасымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады; мектеп жасына дейінгі балаларды дамыта тәрбиелеу мен оқытуды жүргізеді.
Балалардың топтарда жиынтықталуының нормативтік мерзімі
Бөбек жасындағы топтар – 2 – 3 жас.
Мектеп жасына дейінгі топтары– 3 – 6 жас.
Жұмыс реттелімі:
аптасына 5 күн;
10,5 сағат (08.00 ден 18.30 дейін)
Топтар саны: 16, оның – 9 қазақ тілінде, 7 – орыс тілінде - 11 топ ескі ғимаратта, 5 топ жапсаржайда.
Балабақшаны бағдарламалық қамсыздандыру
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы. («Бөбек», 2010).
Авторлық «Балалар дизайны» бағдарламасы.
(Атырау, 2009).
Әдістемелік нұсқаулық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінің ғажайптары» Жұмағазиева Г.Х. (Атырау, 2016).
Жинағы «Қызықты іс- тәжірибелер» Рамазанова Г.Н. (Атырау, 2016).
«Ағылшын тілі» әдістемелік құрал. Ж.Қ. Рахымбаева, Ә.А. Мұратханова («Арман – ПВ» баспасы, 2015) (3-4 жас)
Балаларды ерте жастан оқуға үйрету бойынша Зайцев текшелерін жұмыста қолдану.